Referat.me

Название: Дми трий Ива нович Менделе ев

Вид работы: реферат

Рубрика: Химия

Размер файла: 13.53 Kb

Скачать файл: referat.me-370208.docx

Краткое описание работы: Дми́трий Ива́нович Менделе́ев Дми́трий Ива́нович Менделе́ев (27 қаңтар (8 ақпан) 1834, Тобольск — 20 қаңтар (2 ақпан) 1907, Сән-Питербор) — орыс ғалымы және қоғам қайраткері. Химик, физикохимик, физик, метролог, экономист, технолог, геолог, метеоролог, педагог, энциклопедист.

Дми трий Ива нович Менделе ев

Дми́трий Ива́нович Менделе́ев

Дми́трий Ива́нович Менделе́ев (27 қаңтар (8 ақпан) 1834, Тобольск — 20 қаңтар (2 ақпан) 1907, Сән-Питербор) — орыс ғалымы және қоғам қайраткері. Химик, физикохимик, физик, метролог, экономист, технолог, геолог, метеоролог, педагог, энциклопедист. Ең атақты жаңалығы химиялық элементтерінің периодтық кестесі.

Мәселен, календарь, сағат немесе көбейту таблицасы тәрізді адам қажет етпей тұра алмайтын бір заттар болады. Химияның дәл сондай «көбейту таблицасы» химиялық элементтердің периодты системасы болып табылады. Оны 1869 жылы өз отандасымыз Д. И. Менделеев жасады.

Дмитрий Иванович Тобольск қаласында дүниеге келді. Оның балалық шағы қиыншылықпен өтті. Өзі Тобольск қаласындағы гимназия директорының он жетінші баласы болатын, жастайынан бұғанасы қатпай жетім қалды. Менделеев педагогикалық институтты бітіріп, ең әуелі мұғалімдік қызмет атқарды. Сол кезде көптеген болашақ көрнекті химиктер оның оқушысы, шәкірті болды.

Ол «Химия негіздері» деп аталатын тамаша оқулық жазды. Бұл оқулық нағыз химия энциклопедиясы еді. Менделеев оны жаңа ашылған жаңалықтармен толықтырып, үнемі жетілдіріп отырды. «Химия негіздерімен» айналыса жүріп, ол химиялық элементтердің атақты периодты системасын да жасады.

Д. И. Менделеев егер элементтерді ең жеңіл – сутегінен бастапең ауыр – уранға дейін олардың атомдық салмағының өсуі реті бойынша орналастырса, сол кезде белгілі болған 63 химиялық элементтің қасиеттері периодты түрде қайталайтындығын ашты. Бұл заңдылық табиғи заңдылықтарды анықтаған және осы жаңалық ашылғанға дейін химиялық элементтер әлемінде болған шатасушылықты ретке келтірген периодты системаға негіз болды.

Өзінің системасына сүйене отырып, Менделеев әлі белгісіз бірнеше элементтердің бар екенін болжады және олардың аса маңызды қасиеттерін сипаттап берді. Ақыр аяғында бұл элементтердің бәрі де ашылды. Сондай-ақ ол химия ғылымындағы ең алғашқы нағыз ғылыми болжам болды.

Адам баласына тән қызмет атаулының Менделеев назар аудармаған саласын табудың өзі қиын.

Ол мұнай кен орындарын, мұнайдың әр алуан құрамын зерттеп көрді. Сірә, ол мұнайдың отын ретінде ғана емес, одан көптеген аса маңызды заттар алудың көзі ретінде де құнды дүние екендігіналғаш тұжырымдаған да болуы керек. Ол жер атмосферасын зерттеді және қорықпастан жалғыз өзөі әуе шарымен көкке ұшты.

Ол Арктиканы игеру ісіне де көңіл бөліп, мұзжарғыш кеменің жобасын жасады. Бірақ бұл мұзжарғыш кемені жасау ісі қолдау таппай қалды.

Ол көп жылдар бойы өлшем мен салмақ бас палатасына директор болып, дәл өлшемдер жөніндегі ғылымның дамуына ықпал жасады.

Менделеев ауыл шаруашылығымен айналысты, сауда ісін зерттеді, түтінсіз дәрі құрамын жасап шығарды, әуеде ұшу ісіне де көңіл аударды... Оның Толық шығармалар жинағы қалың-қалың жиырма бес томнан тұрады. Ол дүние жүзінің көптеген елдерінің академиялары мен ғылыми қоғамдарына құрметті мүше болып сайланды.

Бір күні Бобловада (Менделеевтің имениесі) шаруалар Менделеевтен: «Дмитрий Иванович, сенің егінің қалайша осылай бітік болып шықты. Бұл өзі саған біткен талант па, әлде бақыт па, осыны түсіндірші бізге?»- деп сұрайды. Сонда Менделеев оларға күлімсірей қарап: «Әлбетте, талант, бауырларым!» - деп жауап беріпті. Шынында да, ол ешқандай асырып айтпаған еді. Оның әрбір ісі нағыз таланттың, талант болғанда да үздіксіз еңбекпен еселенген толассыз таланттың туындысы болатын. Ол өзін кемеңгер деп атағанды ұнатпайтын. «Қайдағы кемеңгерлік дейсің. Өмір бойы еңбектендім, міне соның нәтижесі», - дейтін өз еңбегі жайында.

Менделеевтің дүние салуы – бүкіл ел қабырғасын қайыстырған ауыр қаза болды. Мыңдаған адам оны ақырғы сапарға аза тұтып шығарып салды. Менделеев Петербургтегі Волково зиратына жерленді. Азалы шеруге қатысушылар өздерімен бірге элементтердің периодты системасының үлкен кестесін алып жүрді. Ол Менделеевтің өзінен кейінгі ғалымдар ұрпағына қалдырған өсиеті сияқты еді.

Похожие работы

  • Шпаргалка по Химии 4

    Атом-молекулалық ілім. Стехиометриялық заңдар. Ежелгі атомистика теориясы Ломоносовтың атомдар туралы көзқарасынан тым алыстау екені анықталды. Химияның даму тарихының бір дәуірі алхимиямен байланысты.Алхимия өз заманына керек болды.Алхимияның негізгі міндеті-философиялық тастың көмегімен,жай заттарды алтынға айналдыру еді.

  • Ингибиторы коррозии стали на основе фосфорсодержащих соединений и полиэлектролитов

    Проблема ущерба от коррозии металлов. Разработка ингибиторов коррозии. Окислители, ингибиторы адсорбционного, комплексообразующего и полимерного типа. Двухкомпонентные ингибиторы полимерного типа на основе фосфорсодержащих соединений и полиэлектролитов.

  • Расчеты и прогнозирование свойств 2-Метил-33-диэтилпентана Циклобутана о-Ксилол 12-диметилбензола

    Федеральное агентство по образованию. Государственное образовательное учреждение высшего профессионального образования. Самарский государственный технический университет.

  • Эквивалент за ы

    Электролиз Электролиз Ж?мысты? жоспары Кіріспе. 1. ?ыс?аша аны?тама ж?не ашылу тарихы. 2. Электролиз теориясы. 3. Электролиз негізінде жат?аг Фарадей за?дары.

  • Исследование воды качественный и количественный анализ

    МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ГОРОДА УСТЬ-КАМЕНОГОРСКА ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «СРЕДНЯЯ ШКОЛА № 24»

  • Переработка нефти

    РЕФЕРАТ ПО ХИМИИ НА ТЕМУ: Нефть. Переработка нефти. подготовил: ученик 10 класса «А» НЕФТЬ, жидкое горючее полезное ископаемое. Залегает обычно в пористых и трещиноватых г.п. (песчаниках, мергелях, известняках) в осн. на глуб. 1,2 - 2 км и более. Маслянистая жидкость от светло-коричневого до темно-бурого цвета со специфич. запахом.

  • Менделеев

    В истории развития науки известно много крупных открытий. Но немногие из них можно сопоставить с тем, что сделал – один из крупнейших химиков мира. Хотя со времени открытия его закона прошло много лет, никто не может сказать, когда будет до конца понято все содержание знаменитой «таблицы Менделеева».

  • М В Ломоносов

    Реферат Составитель:Ваше имя Имя М.В.Ломоносова мы называем одним из первых в ряду самых замечательных представителей отечественной науки и культуры. “Ломоносов был великий человек … Он создал первый университет, вернее сказать, сам был первым русским университетом”. Так охарактеризовал гениального русского учёного-энциклопедиста великий русский поэт А.С.Пушкин, подчеркнув, его роль как учёного и просветителя.

  • Натрий 2

    НАТРИЙ История и происхождения названия На́трий — элемент главной подгруппы первой группы, третьего периода периодической системы химических элементов Д. И. Менделеева, с атомным номером 11. Обозначается символом Na (лат. Natrium). Простое вещество натрий (CAS-номер: 7440-23-5) — мягкий щелочной металл серебристо-белого цвета.

  • Технология получения высокоочищенного хитозана из панцирей ракообразных

    Хитозан: строение, физико-химические свойства, измельчение, хранение и получение. Применение в медицине, аналитической химии, бумажной и пищевой промышленности, в косметологии. Характеристика химического состава панциря, органолептические показатели.