Referat.me

Название: Мал шаруашылы ы мен егіншілікті дамуы

Вид работы: реферат

Рубрика: История

Размер файла: 15.13 Kb

Скачать файл: referat.me-164543.docx

Краткое описание работы: Мал шаруашылығы мен егіншіліктің дамуы. Жабайы жануарларды қолға үйретуге көшу адам қоғамы дамуының заңды кезеңі болды. Қолға үйретілген және қолда өсірілген жануарлар аңшылық сәтсіз болған күнде, әсіресе, қыс кезінде, тамақ қоры болуын қамтамасыз етті.

Мал шаруашылы ы мен егіншілікті дамуы

Мал шаруашылығы мен егіншіліктің дамуы.

Жабайы жануарларды қолға үйретуге көшу адам қоғамы дамуының заңды кезеңі болды. Қолға үйретілген және қолда өсірілген жануарлар аңшылық сәтсіз болған күнде, әсіресе, қыс кезінде, тамақ қоры болуын қамтамасыз етті.

Жабайы жануарларды қолға үйрету сонау неолит дәуірінде басталды. Солтүстік Арал өңіріндегі, Қазақстанның батыс, орталық және шығыс аудандарындағы неолиттік тұрақтарда жабайы жануарлардың сүйектерімен қатар қолға үйретілген сиырдың, жылқының, қойдың және сірә, ешкінің де болар, сүйектері табылды. Неолиттен кейінгі қола дәуірінде қолға үйретілген жануарлардың саны көбейді, малдың құрамы да көбейді. Қола дәуірі шаруашылық нысаны ретіндегі мал шаруашылығының үздіксіз дамыған уақыты болды.

Қола дәуірінің алдыңғы кезеңіндегі қоныстарда жиналған сүйек материал бұл уақытта Қазақстан аумағындағы адамның негізгі кәсібі үй маңында мал өсіру

болды деуге мүмкіндік береді. Малдың көбі ірі қара болды. Оны жаю үшін жайылымдағы шалғын пайдаланылды. Қой мен жылқы аз болды. Әр жылғы төл қысқа ет дайындауға арналды, ал төлдің бір бөлегі табында қалдырылды.

Үй маңында мал бағу бірте-бірте жайлауда мал бағуға ұласты. Малды жайлауда баққанда бақташылар малмен бірге бір жайылымнан екінші жайылымға жылжи көшіп отырды. Табын құрамында ұсақ малдың және жылқының үлесі көбейді. Мәселен, Атасу қонысынан табылған сүйектердің дені жылқының сүйегі болып шықты.

Ботай қонысынан алынған материалдың көрсеткеніндей, жылқыны қолға үйрету мен оны салт ат мініп жүруге пайдалану энеолит дәуірінде орын алған.

Дамыған қола дәуірінде жылқы неғұрлым кең көлемде күш көлігі ретінде және салт ат мініп жүру үшін пайдаланылды. Мұны Степняктағы, Айдаболдағы, Тастыбұлақтағы қоныстардан табылған, сүйектен жасалған

Ауыздықтардың айшықтары дәлелдейді.Жылқыны көлік ретінде пайдалану даладағы және биік таудағы жайылымдарды игеру мүмкіншілігін молайтты.

Орталық Қазақстанның далаларында жабайы түйе қолға үйретілді.Ақсу-Аюлы кешендерінің бірін қазғанда ботаның сүйегі шықты. Алексеевка қонысында да түйенің кейбір сүйектері табылды.

Ежелгі заманлағы мал шаруашылығы экстенсивті шаруашылық болды.

Жайылымдарды игеріп, көлемін кеңейту, тебінге жарайтын (қыста қар астынан аяғымен шөп аршып алуға және ұзақ жер жүруге қабілетті) жылқы, қой сияқты мал түрлерін өсіріп. өндіру малдың көбеюіне жеткізді. Қола дәуірінің соңғы кезеңінде Қазақстанның далалық аудандарында мал өсіру шаруашылықтың негізгі саласына айналды және көшпелі мал шаруашылығына жақын түрге ие болды.

Сірә, ол кезде Қазақстанның кең байтақ аумағындағы халықтың бәрі бірдей шаруашылық жүргізудің осы жаңа түрлеріне көше қоймаған болу керек.

Өнімді мал шаруашылығына көшу ілгері басқан құбылыс болды. Жаңа еңбек құралы, өндіріс құрал –жабдығы ретінде бақташы тайпаларға мал материалдық игіліктер өндіруде көп артықшылықтар берді. Ет-cүт өнімдерінің қоры молайды, олардың жаңа түрлері (ірімшік, сүзбе) пайда болды, үй кәсібі (теріден, жүннен бұйым жасау) ұлғайды.

Қазақстан аумағында мал шаруашылығымен қатар неолит дәуірінен бастап егіншілік дами бастады. Қола дәуіріндегі тайпалардың шаруашылығында мал шаруашылығы мен егіншіншілік бірін-бірі толықтырып, өзара байланысты болды. Мысалы, Усть-Нарым қонысында табылған қыстырма орақтар егіншіліктің болғанын көрсетеді. Ол уақыттағы адамдар ұсақ егістен өзендердің жайылмаларындағы шағын алқаптарға тұрақты егін егуге көшті.

Алдыңғы қола дәуірінің қоныстарында тастан және бұғы мүйізінен жасалған теселер табылды. Жер қопсытатын таяқтармен және мүйіз теселермен салыстырғанда тас кетпендер өнімдірек болды: бұлармен жерді жақсырақ қопсытуға болатын еді. Тастан астық үгетін құралдар да: астық түйгіштер,

тоқпақшылар, түйгіштер, келілер, келсаптар пайдаланылған болса керек, ал соңғы қола дәуіріне бітімі әр түрлі қола және мыс орақтар, қола шалғылар пайдаланылды. Олар сондай –ақ мал үшін қысқа пішен дайындауда қолданылған болуы мүмкін,

Неғұрлым жетілген құралдардың пайда болуына байланысты егіс те біраз өсті. Негізінде бидай, қара бидай, тары егілді. Дәнді дақылдардың бұл түрлерінің бәрі қоныстарда салынған үйлер мен қоралар айқын көрінеді.

Егіншілік өзінің сипаты жағынан қарапайым болып қала берді.және мал өсірумен салыстырғанда көмекші рөл атқарды, бірақ ол тамақ өнімдерін алудың маңызды көзі болды.

Похожие работы

  • Айюбиды

    План Введение 1 Правители династии 1.1 Египет 1.2 Дамаск 1.3 Халеб 1.4 Хама 1.5 Хомс 1.6 Мияфракин 1.7 Санджар 1.8 Хисн Кайфа 1.9 Йемен 1.10 Карак 1.11 Мосул

  • Родство у казахов

    Содержание 1 Жузы и племена 3 Степени родства 3.1 Оз журты 3.2 Нагашы журт 3.3 Кайын журт 4 Обязанности родственников 1. Жузы и племена В составе казахов имеются племена не входящие в состав жузов, это прежде всего роды-аристократы: ак-суйек (белая кость) —

  • Карлуки

    (каз. қарлықтар, узб. qarluqlar) — кочевое тюркское племя, проживавшее на территории Средней Азии в VIII—X веках. Первоначально карлукский племенной союз состоял из трех крупных племен, среди которых самым многочисленным было племя чигил. (Шаниязов К.Ш. О формировании тюркоязычных народностей Средней Азии. // Фольклор и история Востока (Материалы III Всесоюзной тюркологической конференции). - Т., 1984, с.344).

  • аза ханды ыны рылуы ж не ны аюы

    Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы  Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы (15-17 ғғ.) Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде 14-15 ғғ. болған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдевІ 15 ғ. 2 жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды.

  • аза станда ы ты мемлекет ру жолы

    Жоспар Кіріспе 1. Қазақстанда құқықтық мемлекет құру жолы 2. Қазақтың ата-заңы

  • аза батырларыны наным-сенімдері мен этикасы

    ҚАЗАҚ БАТЫРЛАРЫНЫҢ НАНЫМ СЕНІМДЕРІ МЕН МОРАЛЬДЫҚ ЭТИКАСЫ С.Г.Есенов Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., Каримов М.К.

  • Озтюрк, Мустафа Кабылулы

    Введение 1 Биография 2 Деятельность в кино 3 Работа в Казахстане 4 Достижения школы Мустафы 5 Память о Мустафе 6 Фильмы Список литературы Введение Мустафа Кабылулы Озтюрк (каз. Өзтүрік Мұстафа Қабыл-ұлы, род. 24 ноября 1954, Стамбул — 1995) — шестикратный чемпион мира по таэквондо, обладатель 7-го дана, международный тренер по Таэквон-До, основатель высшей школы Таэквон-До, основатель турецкой и казахстанской школ таэквондо, актёр.

  • Половецкая степь

    Исторический герб Комании Половецкая степь Де́шт-и-Кыпча́к (перс. دشت قپچاق‎, крымскотат. Deşt-i Qıpçaq, кирг. Дештэ-кыпчак, каз. Дешті Қыпшақ, Қыпшақ даласы, башк. Ҡыпcаҡ далаһы; тат.

  • Дом де Леон

    (фр. Maison de Lйon) — знатный бретонский род, представители которого правили в виконтстве Леон. История Первым достоверно известным основателем дома де Леон стал виконт Эрве I (II). Во время его правления виконтство Леон достигло высшего могущества. В 1139 году Эрве прибыл в Англию с целью поддержать короля Стефана.

  • Габиден Мустафин

    Ғабиден Мұстафин мұрасы - 20-40- жылдардағы Қазақстанның көркемдік шежіресі. Жазушы шығармаларынан ескен шындық - дән салмағынан басын көтере алмай, маужырай тербелген қ