Название: Ерлерлерді ж не йелдерді денасаулы ы
Вид работы: реферат
Рубрика: Менеджмент
Размер файла: 22.44 Kb
Скачать файл: referat.me-238001.docx
Краткое описание работы: Ерлерлердің және әйелдердің денасаулығы. 2010 жылдың 2 қарашасында «Ерлердің денсаулығы: ахуалы, проблемалары, шешу жолдары»
Ерлерлерді ж не йелдерді денасаулы ы
Ерлерлердің және әйелдердің денасаулығы.
2010 жылдың 2 қарашасында «Ерлердің денсаулығы: ахуалы, проблемалары, шешу жолдары»
тақырыбында Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары Ұлттық Орталығымен ұйымдастырылған баспасөз конференциясы өтті.
Баспасөз конференциясының жұмысына: Сауле Диқанбаева
- Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары Ұлттық Орталығының директоры; Тамерлан Хусаинов
– Урология ғылыми орталығының андрология бөлімшесінің меңгерушісі; Тамара Джусубалиева
– Репродуктивтік денсаулық институтының директоры; Булат Шалекенов
– Алматы мемлекеттік дәрігерлердің білімін жетілдіру институты урология және андрология кафедрасының меңгерушісі қатысты.
Біздің үкіметіміз қызметінің басымды бағыты Қазақстанның демографиялық саясаты болып табылады. Президент Қазақстан халқына Жолдауында «демографиялық ахуалды түбегейлі жақсарту бойынша кешенді шаралар әзірлеу қажет» деп атап көрсетті. Демография, халықтың репродуктивтік денсаулығы жайлы сөз қозғалғанда, әдетте, негізгі назар әйелдер денсаулығына аударылады. Ал «ерлер денсаулығының» мәселесі, атап айтқанда халық санын көбейтуге ерлердің қабылеттілігі турасында үнсіздік орын алады. Репродуктивтік қызметті іске асыруда және дені сау ұрпақ дүниеге келтіруде, ерлер атқаратын рөл, әйелдердікінен төмен емес.
ҚР Статистика Агенттігінің деректері бойынша 2010 жылдың 01.01 Қазақстан Республикасы халқының саны 16 036,1 мың адамды құрады, оның 7 738,2 мыңы (48.1%) ерлер, әйелдер – 8 297,9 мың (51,9%). Басқа сөзбен айтқанда 1000 еркекке 1078 әйел келеді. Және бұл ара қатынас жылдар өткен сайын өзгеріп отырады. Мысалы, 50-54 жастағы 1000 еркекке – 1 185 әйел; ал 60-64 жастағы 1000 еркекке – 1390 әйел келеді. Қазақстанда қыздарға қарағанда, ұл балалар көп туылады. 2009 жылы 1000 адамға 20,93 қыз және 24,09 ұл туды.
2009 жылы Қазақстандағы туылған кездегі өмір ұзақтығы 68,6 жасты құрады. Ерлерде – 63,62 жас, бұл 73,55 жасты құрайтын әйелдер өмір ұзақтығынан 10 жасқа дерлік аз. Мұндай гендерлік айырмашылықтар ұзақ уақыт бойына сақталады.
Бұл ахуал, әйелдерге қарағанда, ер адамдарда ауру-сырқаулық пайда болуының негізгі себептері мен өлім деңгейі тәртіптік қауіп-қатер факторларына жоғары дәрежеде тәуелділігімен түсіндіріледі. Мысалы, психоактивті заттарды қолдану бойынша есепте тұрғандардың 88% ерлер үлесінде. Алкоголь қолданатын тұлғалар арасында да осындай көрініс, мұнда ерлер үлесі 89%. Алкогольді тұтынудан болатын психикалық және тәртіптік бұзылыстар ауру-сырқаулығы 100 000 тұрғын халыққа ерлерде 588,6, ал әйелдерде – 70,8 құрайды. АҚТҚ (ВИЧ)- инфекциясын жұқтырғандар арасында еркектер үлесі 71,9% құрайды. Сифилиске шалдығушылық барлық тіркелгендер ішінде 51% еркектерде кездеседі. Ерлер туберкулезге жиірек шалдығады: 100 мың халық санына 121,8%, ал әйелдердегі туберкулезге шалдығушылық – 80,6% құрайды.
Жыл сайын республикада 152 мыңға жуық адам қайтыс болады, барлық өлімдердің 56,8% ерлер үлесінде. Өлім себептерінің ішінде көшбасшы рөлін (әйелдермен қатар ерлерде де) қан айналым жүйесінің аурулары алады. Әрі қарай еркектерде жарақаттанулар мен уланулар, ал әйелдерде – онкологиялық дерттер.
Өлім себептерінің құрылымында үлкен айырмашылық еңбекке жарамды жаста қайтыс болғандар арасында. Мысалы, еңбекке жарамды әйелдермен (16-58 жас) салыстырғанда, еңбекке жарамды еркектер (16-62 жас) арасында жүрек қан-тамыр ауруларынан болатын өлім 3,5 есеге жиірек кездеседі. Әйелдермен салыстырғанда, жарақаттанулар 4,4 есеге жиірек ерлер өлімінің себебі болады.
Көптеген жылдар бойына репродуктивтік денсаулық бойынша бағдарламалар әйелдерге ғана бағдарланған. Отбасын жоспарлау мәселелерінде жетекші рөл, «мақсатты топ» ретінде қарастырылып, әйелдерге берілетін. Алайда, ерлер, әйелдермен қатар жанұя және оның салауаттылығы үшін жауапкершілік жүгін көтереді.
Ерлердің репродуктивтік жүйесінің жәй-күйін шынайы бағалау үшін, Урология ғылыми орталығы 24 мыңнан астам еркектерді тексеріп, зерттеуін жүргізді. Әрбір екінші тексерілгеннің сексуалдық қатынастарда проблемалары бар, әрбір үшінші тексерілген кәзіргі жағдайда бала ұрықтандыруға қабылетсіз және тексерілгендердің жартысы инфекциялық сипаттағы аурулар арқылы проблемаларға кездесетіні анықталды. Қазақстанда тіркелген барлық некелердің 16% кәзіргі кезде балалары жоқ, мұның жартысы ер адам факторының үлесінде.
Бұл ерлердің өз денсаулығына жауапты көзқарас қалыптастыру қажеттігін, оларды репродуктивтік денсаулық мәселелерін шешуге қамту керектігін білдіреді.
2009 жылдан бері Қазақстанда «Еркектер және репродуктивтік денсаулық»
атты мемлекеттік бағдарлама іске асырылуда. Бағдарламаны іске асыру барысында (2009 – 2012 жылдар) республикада андрологиялық көмек көрсету мекемелерінің жүйесі құрылады. Егер елімізде бұрын тек әйелдер консультациялары қызмет көрсетсе, енді еркектерге де арналған консультациялар ашылады. Андрологиялық науқастарға медициналық-санитарлық алғашқы көмек аудандық, қалалық және облыстық емханалар базасында көрсетіледі. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету мақсатында Алматы қаласында ерлердің сексуалдық және репродуктивтік денсаулығын қорғау республикалық орталығы ашылмақ.
Бүгінде әйелдердің белсенділігі тым артып тұр. Бұл – бір жағынан, гендерлік саясаттың да ықпалы. Билікте де, кәсіпкерлік салада да тасын өрге домалатып жүргендер жетерлік. «Темір тұлпардың» құлағында ойнаушылар да аз емес. Тіпті көшеде жол тәртібін қадағалап тұратын ала таяқты аруларымыз да көбейді. Қысқасы, төмен етектілер тізгінін ұстамаған сала кемде-кем. Ендігі жерде «байталдың бәйге алатынына» күмән келтірушілердің ол ойдан бас тартуына тура келмек. Жоғары білім жағынан қыздар алда .
«Оң жақта отырғандарды» Бесік пен бейіт арасы Қыздар және... Әйелдер атқа қонса... |
Похожие работы
-
Принципы корпоративного управления на железнодорожном предприятии
Министерство образования и науки Республики Казахстан Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева Экономический факультет РЕФЕРАТ
-
Товар в маркетинговой деятельности
Қазақстан Республикасы ғылым және білім министрлігі Министерство образования и науки РК Инновациялық Еуразия Университтінен колледжі
-
Басшылы стилі. Басшылы беделі
Басшылық стилі. Басшылық беделі. Жоспар Кіріспе 1 Басшылық стилінің түсінігі және оны қалыптастыру факторлары.
-
Анализ потребительского поведения клиентов на продукт ОАО Живая вода
Негосударственное образовательное частное учреждение Высшего профессионального образования Уральский институт фондового рынка Дата отправления: «___» __________________ 2010 г.
-
Оптимизация состояния запасов и затрат
федеральное агентство по образованию рф гоу впо «московский государственный университет технологий и управления» Филиал в г. Ростове-на-Дону Кафедра «Бухгалтерский учет и финансы»
-
Управление изменениями на предприятиях
СОДЕРЖАНИЕ ВВЕДЕНИЕ. 2 1. ХАРАКТЕРИСТИКА деятельности ПРЕДПРИЯТИЯ.. 4 1.1. Организационно-правовая характеристика предприятия 4 1.2. Анализ использования трудовых ресурсов.. 8
-
Диагностика финансового состояния ООО Екб-мьюзикмаг
ОУП «АКАДЕМИЯ ТРУДА И СОЦИАЛЬНЫХ ОТНОШЕНИЙ» Екатеринбургский филиал Факультет - заочный Специальность – 080507 «Менеджмент организации» КУРСОВОЙ ПРОЕКТ
-
Управление инвестиционными проектами магистральной железнодорожной сети на материалах АО НК
УДК 338.330. 152:656.1 На правах рукописи НУРКЕНОВ АСКАРГАЗЫ АСАНОВИЧ Управление инвестиционными проектами магистральной железнодорожной сети (на материалах АО «НК «Қазақстан темір жолы»)
-
Анализ рынка мобильной связи
Анализ рынка мобильной связи Мобильная связь на Украине развивается стремительными темпами. В стране с населением 46 миллионов человек более миллиона являются абонентами мобильных операторов. Рынок мобильной телефонии уже достиг своего пика.
-
Оцінка стану менеджменту в організації
Характеристика ТОВ "Луганське енергетичне об'єднання" - одного з перших енергопостачальних підприємств України з приватним капіталом. Опис місії та цілей організації. Оцінка зовнішнього та внутрішнього середовища. Визначення типу організаційної структури.